19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстандық боксшы Дәулет Төлемісов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізіп жатқан Дубайдағы (БАӘ) әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Төлемісов 1/16 финалда бразилиялық Батагелло Соуза Рамонмен кездесіп, айқын басымдықпен – 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Дәулет Төлемісов - 2025 жылы Бразилияда өткен Әлем кубогының жеңімпазы.
Осылайша, 5 желтоқсан күні шаршы алаңға шыққан үш боксшымыз да жеңіске жетті. Бұған дейін Санатәлі Төлтаев пен Ерасыл Жақпеков жеңіске жеткен.
Еске сала кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы бұл әлем чемпионатына барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр. Біріншілік 13 желтоқсанға дейін жалғасады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары