Дастан Сәтпаев «Челсиге» оралды: алаңға қашан шығады?

Дастан Сәтпаев «Челсиге» оралды: алаңға қашан шығады?

Асқар Таудай
Фото: "Челси" ФК

Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубына оралып, жарақатынан кейінгі оңалту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Бернли» клубының бас бапкері Фабио Челестинидің айтуынша, Сәтпаев қазіргі уақытта Лондонда жүр. Ол санның артқы бұлшықетіне байланысты жарақатынан ем қабылдап, қалпына келу кезеңінен өтуде.

Бапкер футболшының денсаулығына қатысты екі клуб бірлесіп шешім қабылдауы қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жас ойыншыны алаңға шығаруға асықпау керектігін жеткізді.

Биылғы маусымда қазақстандық шабуылшы денсаулығына байланысты ағылшын клубының негізгі құрамында тұрақты өнер көрсете алмай жүр.

Әзірге Дастан Сәтпаевтың жалпы топпен жаттығуға қашан қосылатыны және ресми матчтарға қай уақытта оралатыны белгісіз.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 2026 жылдың жазында алматылық «Қайраттан» лондондық «Челсиге» ауысқан болатын. Ал тамыз айында жарақат алғаннан кейін «Бернли» клубына жалға берілді.

Оқи отырыңыз

{