Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚытайда дәрігерлер үш жасар қыздың бассүйегінен 15 сантиметрлік пышақты алып шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
South China Morning Post басылымының мәліметіне сүйенсек, оқиға Қытайдың оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласында болған. Анасы төсек жаймасын ауыстырып жатқан сәтте, қасында жатқан жеміс кесетін пышақ ұшып кетіп, қыздың басына қадалған.
15 сантиметрлік пышақтың жүзі қыздың бассүйегіне, оң құлағының үстінен еніп кеткен. Анасы пышақты өзі суырып алмақ болғанымен, қолынан келмеген. Ол жедел жәрдем шақырмай, қызын жаяу ертіп ауруханаға апарған. Дәрігерлер пышақты сәтті алып шықты, – делінген хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың аман қалуына бассүйегінің сүйектері әлі жұмсақ болғаны себеп. Егер анасы пышақты өз бетімен шығарып алған жағдайда, қауіп өте жоғары болар еді.
Қытай полициясы бұл оқиғада қасақана жасалған әрекет жоқ екенін растап, оны жазатайым жағдай деп таныды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер