Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» жобасы аясында Маңғыстау облысында іссапарда болған аталған аурухананың гинеколог дәрігері Әділ Адрешев 6 өңір тұрғынына операция жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Гинекологиялық хирургия бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігері Әділ Адрешев гистерэктомия, миомэктомия, бедеуліктегі тубэктомия, киста және кистэктомия және синехия бойынша жасаған операциялар сәтті шығып, науқастар бүгінде қалыпты жағдайда. Оның ішінде ең күрделісі – жатырдың үлкен көлемді миомасы, яғни ішкі ағзалардың шырышты қабаттарының тегіс бұлшықеттерінен түзілетін қатерсіз ісік. Ісік салдарынан 45 жастағы әйел жатыры 20 апталық жүктілік кезіндегідей үлкейіп кеткен. Дәрігердің айтуынша, сирек кездесетін бұл жағдай тәуекелді қажет еткенімен, уақытында көрсетілген көмек нәтиже беріп отыр.
45 жастағы наукастың медициналык көрсеткіші бойынша лапароскопия әдісімен жатыры алынды. Операцияның күрделігіне қарамастан, маңғыстаулық әріптестердің біліктілігі мен аурухананың қажетті медициналық құралдармен жабдықталуы ешқандай техникалық проблема тудырмады, – дейді ҚР ПІБ МО ауруханасы Гинекологиялық хирургия бөлімшесінің гинеколог дәрігері Әділ Адрешев.
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында Әділ Адрешевтің жетешілігімен жасалған операцияларға орталық дәрігерлері қатысты. ҚР ПІБ МО ауруханасының білікті маманы операция барысында хирургия саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, практикалық, консультативтік диагностикалық көмек көрсетті. Орталық дәрігерлері медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмектесетін кеңестер алып, шеберліктерін шыңдады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады