Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚытай дәрігерлері хирургиялық роботтың көмегімен 4200 шақырым қашықтықта орналасқан пациентке көздің тор қабығы астына инъекция жасау операциясын сәтті орындады. Бұл туралы Сунь Ятсен университеті хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Мамандар Гуанчжоу қаласынан Үрімші тұрғынына 5G байланысы арқылы қашықтан көмектескен.
Бұл операция Қытайдағы жоғары дәлдікті қашықтан офтальмологиялық хирургияны тәжірибелік деңгейден нақты қолдануға көшу жолындағы маңызды қадам болды, – деді Сунь Ятсен университетінің «Чжуншань» офтальмологиялық орталығының өкілі Линь Хаотянь.
Операция барысында робот Үрімші тұрғынының көзіне микроине енгізіп, Гуанчжоудағы дәрігерлер оның қозғалысын қашықтан басқарып, инені қажетті тереңдікке жеткізіп, дәріні енгізген. Барлық процедура жеті минутқа жетпей аяқталған.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады