24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыЕлімізде мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаттары жаңарып, науқастарға көрсетілетін қызметтер тізбесі толықтырылды. Жаңа құжатқа сәйкес, медициналық көмек бұрынғыдай консультативтік-диагностикалық көмек түрінде, сондай-ақ күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда екінші және үшінші деңгейлерде көрсетіледі.
Медициналық көмек қай жерлерде көрсетіледі?
Медициналық қызметтер тек денсаулық сақтау ұйымдарында ғана емес, сонымен қатар мынадай нысандар мен жағдайларда қолжетімді болады:
Басты жаңалықтар мен өзгерістер
1. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект: Аспаптық және диагностикалық зерттеулер жүргізу кезінде цифрлық технологияларды қолдану – басты жаңалықтардың бірі. Олар дәрігерлерге шешім қабылдауда көмек ретінде пайдаланылады.
2. МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) және Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) пакеттері: Құжатта Кепілдік берілген тегін медициналық көмек (ККТМК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйелері аясында көрсетілетін көмек көлемі нақтыланды. Атап айтқанда, МӘМС пакеті тұқым қуалайтын туа біткен ақаулар мен даму бұзылыстарын ерте анықтауға бағытталған скринингтік зерттеулермен толықтырылды.
3. Науқанаттардың жекелеген топтары: Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар науқастарға, динамикалық бақылауда тұрған тұлғаларға және созылмалы аурулардан кейін физикалық медициналық оңалтудан өтіп жатқандарға көрсетілетін мамандандырылған қызметтердің тізбесі айқындалды.
4. Емдеу нәтижелерін тіркеу: Мамандандырылған көмек көрсету нәтижелері аяқталған жағдайдың түпкілікті нәтижесі көрсетіле отырып, медициналық ақпараттық жүйеде тіркеледі. Мүмкін болатын нәтижелер қатарына «сау», «сауығу», «жақсару», «өзгеріссіз», «нашарлау» немесе «қайтыс болу» кіреді. Егер емделу әлі аяқталмаса, жүйеде «ауыруын жалғастыруда» мәртебесі көрсетіледі.
Дәрігерге қабылдау және қосымша тексерулер
Қосымша тексерулерге жолдама: Бір аяқталған жағдай шеңберінде бейінді маман медициналық көрсеткіштер болған жағдайда қосымша консультативтік-диагностикалық қызметтерге, соның ішінде үш түрлі маманның консультациясына жолдама бере алады.
Бейінді мамандарға өз бетінше жазылу: Бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандарға өз бетінше жазылу мүмкіндіктері кеңейтілді. Енді тіркеу бөлімі, медициналық ұйымның колл-орталығы, ақпараттық жүйенің мобильді қосымшалары, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жазылуға болады.
Қабылдау кестелері: Медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйеде бейінді мамандардың қабылдау кестелерін кемінде 60 күнтізбелік күн бұрын орналастыруға және кесте өзгерген кезде деректерді уақтылы жаңартып отыруға міндетті.
Құжаттаманы жүргізу: Бейінді маманның тексеру нәтижелерін, түпкіикті диагнозды және пациенттің жеке емдеу жоспарын медициналық ақпараттық жүйеде тіркеуі қатаң талап етіледі. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттаманы уақытша қағаз жүзінде жүргізуге рұқсат етіледі, бірақ кейін мәліметтер бір айдан кешіктірілмей электронды жүйеге енгізілуі тиіс.
Айта кетейік, жаңа бұйрық 2026 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Біз бұған дейін МӘМС арқылы кімдер тегін пломба жасап, тіс жұлдыра алатыны туралы жазған едік.
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?