29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде менингококк инфекциясының алдын алу және оның алғашқы белгілері жөнінде ашық айтып, көпшілікке жадынамалар таратты.
Денсаулық сақтау саласы мамандарының пікірінше, менингококк инфекциясы – ауруды белгісіз жағдайда тасымалдайтын жұқпалы ауру. Назофарингит – мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы дегенді білдірсе, менингит – ми қабықтарының қабынуы, ал менингококк сепсисі – қанның зарарлануы сынды түрлі клиникалық белгілері бар бактерияларды қоздыратын ауру.
Инфекцияның берілуі:
Ауа-тамшылары арқылы жұғуы мүмкін (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде).
Белгілері:
Бастың қатты ауруы;
Шөлдеу;
Құсу;
Дене қызуының көтерілуі;
Қалтырау;
Бозару;
Тәбеттің төмендеуі;
Бөртпе;
Әлсіздік;
Арқа және аяқ-қолдардың ауруы.
Аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және басқа нұсқауларын орындау;
Түрлі мәдени-бұқаралық шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды, ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке тазалықты сақтау;
Ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;
Созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау;
Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;
Тоңудан, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен аулақ болу.
Адамдар көп шоғырланған жерлерде, қоғамдық орындарда медициналық маска кию.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек