Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТіс емдету қалтаңызға біраз салмақ салатыны анық. Сондықтан мүмкіндігінше оны сау сақтауға тырысу керек. Ол үшін бірқатар сусын мен тағамнан бас тартқан жөн, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресейлік тіс дәрігері Таисия Рындинаның сөзіне қарағанда, ең зиянды сусындар қатарына газдалған, қант қосылған сусын, қышқылдығы жоғары сусындар - энергетикалық сусын мен шырынды жатқызды.
Тіс дәрігерінің айтуынша, мұндай сусындарды ішу тістердің бетінің бұзылуына, олардың тозуына және тіс жегісіне әкелуі мүмкін. Мұндай проблема тістердің биохимиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты туындайды деп түсіндірді дәрігер.
Тағамға келетін болсақ, тым қатты және өте жұмсақ тағам да тістерге зиянын тигізеді. Біріншісі тістің қатты тіндеріне кері әсер етсе, көмірсуларға бай жұмсақ тағамдар бактериялар үшін қолайлы орта жасайды.
Дәрігер басымдықты қаттылығы орташа тағамға беруді ұсынды. Атап айтқанда, мен жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жиі пайдалану керектігін айтты.
Көкөністердегі көмірсулардың аздығына байланысты олар кариогендік бактериялардың көбеюіне кедергі болады әрі олардың орташа қаттылығы тіс өңезін тазартып отырады, - деді тіс дәрігері.
Сусындардан газдалмаған суды ішкен дұрыс. Ал су құрамында фторы аз өңірлерде арнайы фтор қосылған су ішу ұсынылады. Алайда бұл маманмен кеңесіп барып қана жасалатын қадам.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары