Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПавел Бережанский есімді педиатр Каирде болған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді: 13 жастағы жасөспірім бірден үш қаптама жылдам дайындалатын құрғақ кеспені жеп, жарты сағаттан кейін өзін жайсыз сезініп, көп ұзамай көз жұмған. Дәрігердің сөзін KP.RU басылымы келтіреді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маманның айтуынша, кеспені ыстық суға бұқтырып жемей, құрғақ күйінде тұтыну ағзада қауіпті процестерді іске қосады. Ең әуелі ол денеден сұйықтықты белсенді түрде тартып алады. Бұл әсіресе ыстық климаттағы елдерде өте қауіпті, себебі мұндай жағдайда адамдар қатты терлеп, ағзадағы сұйықтық тапшылығын жиі бастан кешіреді.
Су жеткіліксіз болғанда лапша жабысқақ әрі тығыз болып, ішекте қатты түйінге айналады. Бұл қалыпты ас қорытуға кедергі жасап, ішек бітелуіне әкелуі мүмкін, – деп ескертті Бережанский.
Оның айтуынша, жылдам дайындалатын кеспенің құрамында түрлі дәмдеуіштер, хош иістендіргіштер мен бояғыштар бар. Оларды қорыту үшін ағзаға қосымша ферменттер мен көп мөлшерде сұйықтық қажет болады. Бұл ауыр сусыздануға, сондай-ақ барлық жүйеге артық салмақ түсуіне себеп болуы мүмкін.
Дәрігер сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің ас қорыту жүйесі әлдеқайда сезімтал екенін атап өтті.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады