20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПедиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ реаниматологы ұшақ бортында қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкенттен Астана қаласына ұшып бара жатқан Fly Arystan әуекомпаниясының рейсінде төтенше жағдай орын алып, 20 жастағы студент есінен танып қалды. Дабылға бортсеріктер бірден жауап берді, олар борттағы дәрігерлерді көмекке шақырды.
Көмекке жоғары білікті маман реаниматолог, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ жаңа туған нәрестелердің анестезиологиясы, реанимациясы және қарқынды терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург және кардиолог Нұрсұлтан Әуелбекұлы Құрбанбеков жауап берді.
Пациентті қарап-тексеру кезінде ол әлсіз импульсті және нөлдік деңгейдегі қан қысымын анықтады, бұл ауыр жағдайды көрсетті. Дәрігерлердің жедел және үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында қыздың жағдайы бірнеше минуттан кейін айтарлықтай жақсарды.
Анамнезде қандағы гемоглобин деңгейі небәрі 61 екендігі анықталды және қыздың айтуынша, ол емделмеген, бұл есін жоғалтудың себептерінің бірі болуы мүмкін.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?