2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрD дәруменінің жетіспеушілігі денсаулыққа елеулі қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ресейдің Қоғамдық денсаулық және медициналық алдын алу орталығының меңгерушісі Ольга Чиркова NEWS.ru басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Маманның айтуынша, аталған дәруменнің жеткіліксіздігі адам ағзасында түрлі белгілер арқылы байқалады: терінің құрғауы, шаштың түсуі, бұлшықет әлсіздігі, ұйқының бұзылуы, тіпті депрессия мен созылмалы шаршауға дейін.
D дәрумені жетіспеген жағдайда остеопороз дамуы мүмкін. Алдын алудың тиімді жолы – дұрыс тамақтану мен күн сәулесінде белгілі бір уақыт өткізу. Ас мәзіріне міндетті түрде балықтың майлы түрлері, жұмыртқа сарысы, сары май, қатты ірімшік пен қаймақ қосу керек, – деді дәрігер.
Чиркованың айтуынша, бүгінде әлем бойынша бір миллиардтан астам адам D дәруменінің жетіспеушілігіне шалдыққан. Бұл көбіне күн сәулесінің жетіспеуімен, сондай-ақ дұрыс тамақтанбау мен ағзадағы сіңірілу процесінің бұзылуымен байланысты.
Адамдар 43-параллельден солтүстікте – мысалы, Сочи деңгейінен жоғары өмір сүрсе, жыл бойы күн көзін аз алады. Сонымен қатар қара түсті жабық киім кию, терінің қара реңкі, сирек далаға шығу және күннен қорғайтын кремдерді жиі қолдану да D дәруменінің синтезіне кедергі келтіреді, – деп түйіндеді маман.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова