Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚаржы министрлігі өкілі Дариға Назарбаева мен Нұрбол Назарбаевтың декларация тапсырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форбс тізімінде жүрген Дариға Назарбаева мемлекеттік қызметте, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев құқық қорғау органдарында жұмыс істеді. Осы кісілер декларация тапсырды ма? Сіздердің талаптарыңыз бойынша бүкіл дүние-мүлкін олар көрсетті ме? - деп сұрады журналист.
Мемлекеттік кірістер комитеті өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов Дариға Назарбаева мен Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев декларация тапсырғанын растады. Алайда олардың байлығының көлемін меморган өкілі заңға сәйкес айтуға болмайтынын айтты.
Сіз айтқан адамдардың бәрі декларация тапсырды. Өйткені бүкіл мемлекеттік қызметшілер декларацияны тапсыруға міндеттелген еді. Олардың қандай сомасы, несі бар екенін жариялауға құқығымыз жоқ. Себебі салық кодексі бойынша ол мәліметтер қорғалады, - деді ол.
Ал олардың оффшор арқылы шығарған ақшасы бар-жоғын Нұржан Қуандықов айта алмайтынын айтты. Себебі, түскен бүкіл мәліметтің бәрі салық кодексімен қорғалады және жарияланбайды. Ведомство өкілі «Олардың қалай байып кеткенін зерттейсіздер ме?» деген сұрақты қаржы министрлігінің өкілдері мен құқық қорғау органдары шешетінін айтты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді