29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалды. Енді бас бапкерлік қызметті Данияр Қайсанов атқаратын болады.
Данияр Қайсанов - жаңа буынның өкілі, 2016 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» бағыты бойынша тәмамдаған білікті маман.
2017 жылдан бастап Данияр Қайсанов еркін күрес бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болды. Ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, сондай-ақ Токиода өткен Олимпиада ойындарында бесінші орынға тұрақтады.
Еркін күрестен ұлттық құрама балуандарының алдағы жиыны ақпан айының алғашқы жартысында Алматы облысында ұйымдастырылып, бапкерлер құрамы толық таныстырылады деп күтіліп отыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек