Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәжіліс депутатының “Өскемен маңындағы жерді толық иемденіп алған” деген сөзіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жала сөз. Мен ол кісіге ештеңе айта алмаймын. Себебі оның депутаттық мәртебесі бар. Бірақ оның сөзі мәдениетсіздік. Менің баспасөз қызметім және жер комитеті бұл мәселеге байланысты нақты жауап берген болатын, - дейді Даниал Ахметов.
Былтыр желтоқсан айынад Парламенттің жетінші шақырылымының депутаты болған Берік Дүйсенбинов Шығыс Қазақстан облысының әкімі 5,2 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтардық деп мәлімдеген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке қарсы шыққан еді.
Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі. Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр, - деген болатын Берік Дүйсембинов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді