29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘлемдегі ең көп трофей иелерінің бірі, бразилиялық футболшы Дани Алвес Португалияның үшінші дивизионында ойнайтын «Сан-Жуан-де-Вер» клубының әріптесі атанды, деп жазады Еl.kz интернет порталы.
Алвестің командаға келуі – тек құрылымдық өзгеріс емес, «әлемді бағындырған тәжірибе мен үмітін ешқашан жоғалтпаған клубтың рухының кездесуі» деп бағаланып отыр.
Қазіргі уақытта «Сан-Жуан-де-Вер» А тобының соңғы орнын бөліскен. ESPN-нің жазуынша, Алвес 2026 жылы кәсіби футболға оралып, осы клуб үшін ойнауды қарастырып жатыр.
Алвес кәсіби мансабында Бразилия құрамасы мен «Барселона», «Севилья», «Ювентус», ПСЖ сияқты клубтарда 43 трофей жеңіп алған.
Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтарында Алвес Барселонадағы түнгі клубта зорлау ісі бойынша қамауға алынған. 2024 жылдың ақпанында оған төрт жарым жылдық түрме жазасы берілген, бірақ 2025 жылдың наурызында апелляция арқылы ақталған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек