Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекИнтернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған екі жылдық республикалық «Alayaq.net» жобасының қорытынды форумына қатысқан танымал тележүргізуші, экс-депутат Дана Нұржігіт пікір бөлісті. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарлайды.
Бұл жоба туралы бұрыннан хабардармын. Жобаны қолға алып жатқан - менің алдыма бала болып келген 30-дың ордасын бұзып жүрген жастар. Заманға сай білім алған жастар. Адамнан алаяқтық арылмайды ғой, рас. Кішіміз де, еңкейген кәріміз де осы алаяқтық схемаларға түсіп жатамыз. Залға жиналғандардың 50 пайызы алаяқтықпен бетпе-бет келдік деп отыр. Бұл - сұмдық көрсеткіш, – деп ашынды ол.
Экс-депутат адаммен емес, машинамен, жасанды интеллектпен жарысып келе жатқан заманда өмір сүреміз деп отыр.
Alayaq.net сияқты цифрлық журналдың республика деңгейінде таралатыны - қуантарлық жағдай. Үлкенге де, кішіге де пайдалы болар еді. Қартайдық деп қол қусырмай, қаржылық сауатымызды арттырған жөн, - деді ол.
Тележүргізуші алаяқтыққа қарсы барлық терминді жатқа білу керектігін алға тартты.
Киберполицияға келіп жеткен көптеген шағым, өмір бойы жинаған дүниесінен айырылып қалған адамдар, қара ниет, қара пиғылды алаяқтардан қазір аяқ алып жүре алмайсың. Өте қиын жағдай. Біз мұнымен халық болып күресуіміз керек! - деп нақтылады Дана Нұржігіт.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?