Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМахачкала маңындағы жанармай құю бекетіндегі жарылыс салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тапты. Бұл туралы РФ ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.
Оқиға жұма күні кешке Дағыстан астанасының маңында орналасқан жаңа Хушет ауылында болды. ТЖМ жарылыс кезінде адамдар тұрған техстанция мен асхананың ғимараттары зақымданғанын хабарлады. 20-дан астам адам жарақат алды. Оқиғаның себептері анықталып жатып.
Ресей Тергеу комитетінің Дағыстан бойынша тергеу басқармасы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету)», - делінген ведомство хабарламасында.
Республика билігі 28 қыркүйекті қаза тапқандарды еске алу үшін аза тұту күні деп жариялады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?