Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДенсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Дені сау ұлт» жобасы аясында дәрігерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Дәрігерлердің жалақысын 2023 жылға қарай орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын артып келеді. Биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 420 мың теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл ретте орта медицина қызметкерлерінің жалақысы шамамен 235 мың болды», - деді министр.
Жоба 2021-2025 жылдар аралығында қамтылады.
Айта кетейік, бұған дейін министр елімізде ана мен бала өлімінің көрсеткіші 2,4 есе төмендегені туралы айтқан болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді