29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
«2012 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 17246 тексеру жүргізді, еңбек заңнамасы бойынша 54,5 мыңнан астам, оның ішінде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында – 20965 заң бұзушылық анықталды. Анықталған заң бұзушылықтардың нәтижесінде заңды тұлғалар мен ұйымдардың жеке тұлғаларына қатысты мемлекеттік инспекторлар жалпы сомасы 486,2 млн. теңгеге 12,7 мыңнан астам айыппұл салды», - деп атап өтті Серік Әбденов.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың бұзылуына кінәлі 1427 лауазымды тұлға қызметінен босатылған. Құқық қорғау органдарына 2648 материал жіберіліп, 73 қылмыстық іс қозғалды.
«Өндірістік жарақаттың төмендеуі байқалады (2012 жылы өндірісте 2241 адам, 2011 жылы - 2247 адам зардап шекті). Бұл ретте өліммен аяқталған оқиғалар саны үш есеге азайды (2012 жылы - 278 адам, 2011 жылы - 332 адам)», - деді министр.
«Еліміздің кәсіпорындарына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде 1125 халықаралық және ұлттық стандарт енгізілді», - деп толықтырды Серік Әбденов.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек