7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?22 жыл бұрын тәуелсіздік қолға тиген 15-минутта қазақтың қуанышымен бөліскен түркиялық туысқан ұлт Қазақ еліне деген құрметін әр уақыт әйгілеуден жалыққан емес. Әнмен әдіптеліп, бимен безенген мерекелік кештің шымылдығын Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығы директорының өкілі Локман Баран ашты.
Туысқан екі елдің жарасқан ынтымағы мен дамыған дипломатиялық қарым-қатынасына тоқталған орталықтың ұстазы Л.Баран жиналған жұртты Қазақстан Тәуелсіздігінің 22 жылдығымен құттықтады.
Қазақ тілін мүлтіксіз меңгерген мұғалім Хасан Налбант «Тәуелсіздік таңы қазақтың қанына біткен қайсарлығымен, табандылығымен атты. Желтоқсан оқиғасындағы жастардың мұзға жаққан алауы бүкіл қазақ жерімен қатар көршілес елдерді де шарпығанын сол кездегі көз көрегендердің аузынан естиміз. Ұлттық тілін, діні мен ділін қызғыштай қоритын қазақ қай қиырда жүрсе де ұлттық құндылығын жаныштайтындарға қарсылық білдіретінін сол кезде-ақ дәлелдеген» деп түйді.
Осылайша, түрік мәдениеті мен тілін әлемге таныту жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Астанадағы Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығында білім алып жатқан жүздеген жас пен ұстаздар азаттықтың абыройын асқақтатқан көңілді кештің куәсі болды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?