16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы
Маржан жырдан шашу шашып, Арқа жұртшылығына рухани нәр беретін жыр кешінде Сыр еліндегі жыр мектептерінің өкілдері, сүлейлердің ізбасарлары, таңдаулы жыршы-жыраулар өнер көрсетеді деп күтілуде.
Кешті белгілі жырау, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов жүргізеді.
Онымен қоса Сыр елінің дәстүрінен сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылады.
Әлемге әйгілі «Шаһнама» эпопеясын қазақша сөйлеткен Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 36 дәптерден тұратын қадым қолжазбасын Сыр бойы жұрты 2010 жылы Елбасы Н.Назарбаевқа табыс етті. Бұл – еш жерде, ешқандай архивте жоқ мәдени мұра болғандықтан оның құндылығы да аса жоғары.
2013 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің бастамасымен Сыр сүлейі, жыр жампозы Тұрмағамбеттің 39 411 жол Шығыстың жеті алыбының бірі Фирдоусидің «Шаһнамасын» музыкалық антология етіп шығару қолға алынып, Сыр бойының танымал 22 жыршы-жырауларының әдемі мақам-саздары арқылы жарық көрген құнды дүние қызылордалықтардың Ел Тәуелсіздігі күніне үлкен тартуы болып отыр.
16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?