Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
«Әпке» - дарабоз жазушы Дулат Исабековтің шығармасы негізінде түсірілген тұңғыш телехикая. Бұл туынды 30 жылдан астам М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында пьеса ретінде көрсетілді. Телехикая жетім қалған бауырларына пана болып тәрбиелеп өсірген, осылайша өз өмірін құрбан еткен әпке бейнесін жан-жақты ашып көрсетеді. Фильмде қыл мойынымен нар жүгін арқалауға тәуекел еткен нәзік жан,қамқор әпке арқылы отбасылық құндылықтар кеңінен дәріптеледі.
«Әпке» телехикаясының бас продюсері - Батырхан Сазаханов, қоюшы режиссері - Мұрат Бидосов. Рөлдерді Рита Күмісқалиева, Қуаныш Керімқұлов, Дарын Шыныбек, Айдана Асқар, Әли Тұрсынханов, Бақытжан Әлпейісов, Шынар Асқарова, Ерлан Біләл, Айзада Сатыбалдиева, Жалғас Толғанбай сомдайды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс