23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерГоловкин Геннадий Геннадийұлы (1982, 8 сәуір Қарағандыда туған) - Қазақстан боксшысы. 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.); ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.); Шығыс Азия ойындарыныңчемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады) және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады). 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс орташа салмағы тарихында ноукат үлесі бойынша бірінші орында тұр.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). 2003 жылдан бері - «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006). ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған. Үйленген.
Әуесқой бокстан әлем чемпионаты 2003
|
Орташа салмақ |
||||||||||||||
|
Кезең |
Күні |
Спортшы |
Нәтижесі |
Спортшы |
||||||||||
|
1/16 |
07.07.2003 |
Геннадий Головкин |
19:10 |
Матвей Коробов |
||||||||||
|
1/8 |
09.07.2003 |
Геннадий Головкин |
29:9 |
Энди Ли |
||||||||||
|
1/4 |
10.07.2003 |
Геннадий Головкин |
KO 4 |
Lucian Bute |
||||||||||
|
1/2 |
11.07.2003 |
Геннадий Головкин |
29:26 |
Yordanis Despaigne |
||||||||||
|
Финал |
12.07.2003 |
Геннадий Головкин |
RSCI 2 |
Олег Машкин |
||||||||||
2004 жылғы Афина Олимпиадасы
|
Орташа салмақ |
||||||||||||||
|
Кезең |
Күні |
Спортшы |
Нәтижесі |
Спортшы |
||||||||||
|
1/8 |
21.08.2004 |
Геннадий Головкин |
31:10 |
Әли Ахмед Хан |
||||||||||
|
1/4 |
25.08.2004 |
Геннадий Головкин |
31:20 |
Ramadan Yasser |
||||||||||
|
1/2 |
27.08.2004 |
Геннадий Головкин |
23:18 |
Andre Dirrell |
||||||||||
|
Финал |
28.08.2004 |
Геннадий Головкин |
18:28 |
Гайдарбек Гайдарбеков |
||||||||||
2005 жылғы Әлем кубогы
|
Орташа салмақ |
||||||||||||||
|
Кезең |
Күні |
Спортшы |
Нәтижесі |
Спортшы |
||||||||||
|
топтық |
12.07.2005 |
Геннадий Головкин |
RSCI 4 |
Anatoli Kavtaradze |
||||||||||
|
топтық |
14.07.2005 |
Геннадий Головкин |
RSCO 3 |
Nabil Kassel |
||||||||||
|
1/2 |
16.07.2005 |
Геннадий Головкин |
40:37 |
Yordanis Despaigne |
||||||||||
2005 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
|
Орташа салмақ |
||||||||||||||
|
Кезең |
Күні |
Спортшы |
Нәтижесі |
Спортшы |
||||||||||
|
1/16 |
15.11.2005 |
Геннадий Головкин |
15:12 |
Nikola Sjekloca |
||||||||||
|
1/8 |
16.11.2005 |
Геннадий Головкин |
21:27 |
Mohamed Hikal |
||||||||||
Кәсіпқой бокс
2012 жылы Феликс Штурмды жеңген аустралиялық Дэвид Гил міндетті түрде осы жыл аяғына дейін өз белбеуін Геннадийге қарсы қорғауға шақырғанымен, Гил басқа өз отандасымен жекпе жекке шығуға шешкен. Осының нәтижесінде WBA Генаға Гилдің титулын тартып алып берді, яғни Гена - суперчемпион атанды.
Дереккөз: Wikipedia
23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?