30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Әлем чемпионатына 35 елдің спортшылары қатысқан. Командалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы екінші орында, бірінші орында-Аргентина, үшінші орында Панама. Джу-джитсудың үш түрінен де (джу-джитсу subnmition, джу-джитсу kombat , джу-джитсу shi-ai) шаршы алаңға шыққан Нұрсұлтан екі күміс және оған әлем чемпионы атағын әкелген алтын медалімен Қазақстанның командалық есепте алғы саптан көрінуіне де өз үлесін қосып, алтынынан басқа екі күмісті де қоржынымызға салды.
Аргентинада қазақ елінің намысын қорғап, көк Туымызды желбіреткен нар ұл бұл жеңісін атасы Аманқос Ершуовтың 70 жылдық мерейтойына арнайтынын айтты.
Нұрсұлтан Маратұлы Ершуов 1992 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген. Еуразия Гуманитарлық Институтының құқықтану факультетінің түлегі. Заңгер. Бұған дейін ол қоян қолтық күрес өнерінен Қазақстан спорт шеберлігіне кандидат. Кик- бокстан жастар арасында өткен республикалык чемпионаттың күміс жүлдегері сондай –ақ, тағы да басқа жүлделерге қол жеткізген Нұрсұлтан әдебиетті сүйіп оқиды. Бала кезінен әңгіме, өлең жазады.
«Аргентинада испан тілі мен ағылшын тілі қатар жүреді екен. Тілдік қарым-қатынаста ағылшынша-орысша, ағылшынша-қазақша тілмаш болам деп сөйлеуден сілем қатып, әбден шаршадым. Чемпион болу қандай қиын болса, тілмаш болу да оңай емес екен»дейді Нұрсұлтан телефон арқылы бізбен әңгімесінде.
Құралай Ораз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды