30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
«Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі алдағы «ЕХРО» көрмесіне орай «Жастар қуаты – Қазақстан болашағы» тақырыбын арқау еткен. Оның мәні – бүгінгі бірінші курс студенттері 2017 жылы оқуларын аяқтап, ел өміріндегі маңызды оқиғаларға белсене араласпақ.
Әуелі сөз алған университет ректоры Ерлан Сыдықов та өз кезегінде «ЕХРО – бұл бүкіл ел үшін маңызды оқиға. Қоғамның ең белсенді бөлігі ретінде жастар осы ұлттық жобаны қолдайды. Біздің 13 мың студенттің барлығы көрмені өткізу үшін дайын волонтерлер» - деген болатын.
Аталған іс-шара ЖОО-ның Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті, «Шабыт» шығармашылық бірлестігі, Жастар саясаты орталығы, «Самұрық» шоу-балеті, «Рух дауысы», «Толғау» би топтары және «Шаңырақ» театры секілді іргелі ұжымдардың бірлескен еңбегі екен.
Е.Сыдықов мерекелік құттықтауын жеткізіп, бірінші курс студенттеріне ақ жол тілей тұрып, «студенттік билет тапсыру» рәсімін өткізді. Осыдан кейін қолдарына құжат алған студенттер ұстаздары алдында ресми түрде ант берді.
Кешке студенттерді құттықтай келген өнер жұлдыздары салтанатты шараның көркін кіргізді.
Жасұлан Майлыбаев
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды