Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры
Онда көпшілікке 9 түрлі коллекция паш етіліп, талқыға түсті. Шетелдік және қазақстандық дизайнерлердің қолынан шыққан эксклюзивті заттар ұсынылған шараға келушілердің қатары көп болды. Бұл жолы кәсіби мамандар 2014 жылдың көктем-жаз мезгілдерінде қай тренд пен түстің, киім үлгісінің сәнде болатынын барынша жеткізуге тырысты. Айталық, сәнгерлер Саят Досыбаев пен Алексей Чжен алдағы жылы түрлі түсті гүл бейнеленген киімдердің үлкен сұраныста болатынын айтады.
Олардың әріптесі Айнұр Тұрысбек болса, теріден жасалған киімдері бар адамның көлеңкеде қалмайтынын келтіреді. Қазақстандық сән саласының өкілі Айгүл Қуандықова 2014 жылда ашық түстердің әдеттегідей жоғары бағаланатынын тілге тиек етіп отыр. Өз кезегінде танымал модельер Аида Қауменова жеке коллекциясында ұлттық ою-өрнектерге басымдық беріпті.
BAQ.KZ
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?