Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры
XVIII—XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде сыбызғы жиі ауызға алынады. Ал мүның өзі сыбызғының сол кезде халық түрмысында кеңінен қолданылғанына дәлел. Сыбызғы жайында капитан И. Андреевтің 1795 жылы жарық көрген кітабында айтылады. XIX ғасырдың екінші жартысына шейін сыбызғының барлық жерге кең тарағаны жайында белгілі зерттеуші А. Левшиннің жазбаларында да бар. Этнограф И. Липаевтық да мәлімдеуі көңіл аударарлық.
«Семей облысындағы қырғыз музыканттардың қолынан сыбызғыны көресің,— деп жазды ол.— Сыбызғы тал шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады. Үш жағына, тегінде сәндік үшін болса керек, терінің жүп-жүқа қыртысымен керілген жіңішке арқан жіп байланады. Түтіктің іші жақсылап ойылып, асқан шеберлікпен өңделген. Дыбыс шығаратын тесік үшеу ғана, ойнаған кезде саусақтың ұшымен ашылып-жабылады».
Өткен ғасырдың аяғына қарай Қазақстанның бір қатар өңірлерінде бүл аспап тым сиреп кетеді. Сыбызғынын, әр түрлі облыс тұрғындарының арасында бір мезгілде емес, біртіндеп жоғалғанын этнографтардың көптеген мәліметтерінен аңғаруға болады. Мысалы, Түркістан өлкесін жете зерттеген этнограф П. Тихов былай деп мәлімдейді:
«Түркістанда он екі жыл тұрып сыбызғыны бір-ақ рет көре алдым, онда да тек көзім шалып қалғаны болмаса...»
Бұл өлкеде сыбызғының жоғалуына ол екі түрлі себеппен байланыстырады: жергілікті жердің табиғатында сыбызғы жасайтын өсімдіктің болмауы және онда ойнаудың қиындығы.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?