Бүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондарҚызылордада мектепті бітіру кешінде көліктер шеруін ұйымдастыруға тыйым салынды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз-қызметі хабарлап отыр.
Біріншіден, түлектер мініп, қала аралайтын көліктер шеруі жол қозғалысы қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Екіншіден, лимузинды жалға алу, бейне операторды шақыру, жүргізуші жалдау қыруар ақшаны талап етеді.
Барлық мектеп директорларына бітіру кешіне, мұғалімдерге сыйлық алуға, мейрамхана мен дәмханада тойлау үшін ақша жинауға тиым салынатыны ескертілді. Мұндай шаралар осыншама шығынды қалатасы көтере бермейтін оқушылардың ақша жинау кезінде қысым көрмеуі үшін жасалып отыр.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрхан Жалиевтің айтуына қарағанда, облыс мектептерінде мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру мәселесіне қатысты сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнама нәтижесінде ата-аналардың көбі бітіру кешіне ақша жинауды құптамайтынын айтқан көрінеді. Олар ақша жинау арқылы әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға қысым көрсетіледі деп түсіндіріп отыр.
Baq.kz
Бүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары