Бүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондарТәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет «Отар» әскери базасында Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен әскери шеру өтті.
Дәстүрлі әскери шерулерден бұл әскери шерудің айрымашылығы жауынгерлер мен официрлердің шеберліктері мен қазіргі заманауи қару-жарақтар мен әскери техникаларды нақты қолдана білу мүмкіндіктерін көрсетуінде болып табылады.
«Жетісу» мен «Сұңқар» жоғары пилотаж бойынша өнер көрсетіп, әскери, азаматтық және қосалқы міндет жүктелген арнайы техникалар, оның ішінде штабтық, жауынгерлік, медициналық, іздестіру-құтқару машиналары, радиожелілік стансалар, қар және батпақ үстімен жүре алатын «Тұлпар» техникасы, «Airbus» С-295 ұшағы, ЕС-145 тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлері мен басқа да техникалар таныстырылады.
Әскери шеруде, әсіресе, Зымыран әскері мен артиллирия айырықша орын алды. «Точка-У» тактикалық кешені, «Град» және «Прима» зымыран жүйелері, МСТА-Б зеңбіріктері, Д-30 ауыр оқ атқыш жүйелері, танкіге қарсы «Солнцепек» және «Штурм-С» зымыраны Қарулы күштеріміздің қуатын көрсетті.
Бүгінгі әскери шеру құрамына Қарулы күштер, ІІМ Ішкі әскер бөлімшелері, әскери оқу орындары, сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметі мен ТЖМ және Республикалық гвардияның церемониалды батальоны енгізілген.
Жауынгерлік парадқа 7 мыңнан астам әскери қызметші, 400-ден аса әскери техника, 80 шақты ұшақ пен тікұшақ қатысты.
Бүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары