30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӘскерге шақыру медициналық комиссиясынан өтіп жатқан жастардың 2-5%, 2-7%-ы бейбіт уақытта әскерге шақыруға, әскери қызмет атқаруға денсаулығы бойынша жарамсыз деп танылып отыр. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға жоғарлап, не төмендеп отырған жоқ. Бірқалыпты. Ал, енді бізде әскерге шақырылып, медициналық комиссиядан өтетін жастардың саны көбейіп, жөнелтілетін жастардың саны шектеулі болатыны, әскер қатарында шақырылған жастардың денсаулығына, дене бітіміне, ойлау қабілетіне, психологиялық дайындығына байланысты болады. Олар көп сараптаудан өтеді.
20 жасар Заманбек Хайдар Талдықорған қаласындағы Десантты штурмды бригаданың аэроұтқырлар тобында Отан алдындағы борышын өтемек. Мұнай-газ саласы бойынша маманданған сарбаз алдағы уақытта әскери қызметін жалғастыруды көздейді.
Заманбек Хайдар, сарбаз:
Мен Отан алдындағы борышымды өтеуге дайынмын. Өйткені, әскерге барып, жауынгер атану бала күннен арманым еді.Нағыз азамат әскерде шынығады деп білемін. Болашақта қай салада қызмет ететінімді уақыт көрсетер. Дегенмен, ел тыныштығын күзетуге мен де атсалыссам деймін.
Жыл сайын әскери борышын өтеуге Астанадан 1000-нан астам азамат аттанады екен. Бүгін жастарды Армия қатарына шығарып салуға туған-туыстарынан бөлек әскери қызметкерлер, ардагерлер, студенттер, мектеп оқушылары қатысты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды