20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісКүн қуатымен істейтін Солар Импалс ұшағы алғашқы аялдамасын жасап, Феникс қаласында қонды. Ол жұма күні Сан-Францискодан ұшып шығып, АҚШ-тың бір жағалауынан екінші жағалауына дейін ұзақ сапарға шыққан еді.
Жолында Даллас, Сент-Луис, Вашингтон қалаларында тоқтап, сапарын Нью-Йоркта аяқтайды. Ұшақ сыртында 12 мың күн батареялары орнатылған. Олар 4 электромоторды қуатпен жабдықтайды. Сонымен қатар ұшақта 400 келілік аккумулятор бар. Ол күн батареялары күндіз жинаған қуатты сақтап, ұшақтың түнде ұшуына мүмкіндік береді. Алғаш рет бұл ұшақ 2009 жылы Швейцарияда әуеге көтерілген. 2010 жылдың шілде айында сынақ кезінде 26 сағаттан аса уақыт әуеде болған. Ал былтыр маусым айында Испаниядан Мароккоға дейін құрлықаралық сапар жасаған. Ұшақ экипажы 2015 жылы жер шарын айналып ұшуды көздеп отыр
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?