2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліШағын футболдан Еуропа біріншілігін жеңіп алған «Қайрат» командасының бапкері бразилиялық Какауға қымбат шетел көлігі сыйға тартылды.
Естеріңізге салайық, Қазақстанның «Қайрат» клубы мәскеулік «Динамоны» тізе бүктіріп, футзалдан УЕФА Кубогінің жеңімпазы атанған болатын.
Ал, клуб президенті Қайрат Оразбеков «Барселонамен» өтетін жартылай финалдық кезедсу алдында команда финалға шықса Какауға көлік сыйлайтынын мәлімдеген еді. Алайда, «Қайрат» тек финалға шығып қана қойған жоқ, сонымен қатар байрақты бәсекенің де жеңімпазы атанды. Бұл жеңістен кейін бапкерге басшылары жол талғамайтын «Тойота» автокөлігін сыйлап отыр.
«Ең алдымен журналистерге алғысымды білдіремін. Өйткені, баспасөз мәжілісінде тілшілер клуб президентіне «Барселонаны» жеңсеңіздер бапкерге не сыйлайсыз деп сұрақ қойған тұғын. Мұндай сыйлықты алғаныма әрине, қуаныштымын. Дегенмен, УЕФА Кубогін жеңіп алу мен үшін маңыздырақ» дейді Какаудың өзі.
Baq.kz
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс