2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАмериканың ең үлкен қалаларының бірі Манчестерде ерекше ота жасалды. Трихотилломания деп аталатын дертке шалдығып, кірпіксіз қалған әйелге шаштан кірпіктер жапсырылды.
Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, шаштан кірпік жасау идеясының авторы – америкалық хирург Азим Шахмалак. Трихотилломания ауруымен ауырып, тоғыз жыл бойы кірпіксіз жүрген әйелдің көзінде бір-екі тал ғана кірпік қалған. Алдына көмек сұрап барған науқастың проблемасын шаштан кірпік жасаумен шешпек болған хирургтың бұл әдісі сәтті шығып, пациент сол күні-ақ үйіне босатылған. Төрт сағатқа жалғасқан операцияның нәтижесіне таңдана қарасқан мамандардың айтуынша, жаңа кірпіктер шаш сынды жылдам өсіп, қалыңдай түскен. Енді кірпіксіз қалған әйел жиі-жиі шаштаразға барып, жаңа кірпіктерін қысқартып жүр. Алдағы уақытта бұл технологияны көлік апаттарының немесе өрттің салдарынан кірпіксіз қалған әйелдерге қолдану ұсынылып отыр.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс