Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыШаңғы спортынан (FIS) 2018-2019 жылдардағы әлем чемпионатына қатысу үшін өтініш қабылдау тәмамдалды деп хабарлайды Халықаралық шаңғы спорты федерациясы. Қазақстан 2019 жылы Алматыда шаңғы спортынан әлем чемпионатын өткізу туралы өтінім берді. Оның құрамына шаңғы жарысы, трамплиннен секіру және қос сайыс түрлері енеді, - деп хабарлайды Sports.kz.
«2018-2019 жылдарда әлем чемпионатын өткізуге өтініш қабылдау 1 мамыр күні тоқтатылған. Осы чемпионатты өткізуге біздің елмен қатар, Оберстдорф (Германия), Планица (Словения) және Зеефельд (Австрия) те өз өтінішітерін білдірген.
Ал 2019 жылы тау шаңғысынан әлем чемпионатын өткізу үшін екі өтініш – Аре (Швеция) мен Кортина д`Ампеццо (Италия) қалаларынан түскен. Шаңғы спортынан трамплиннен сырғанап ұшу бойынша әлем чемпионатын өткізуге жалғыз үміткер ретінде Оберстдорф (Германия) ғана тіркеліпті. Есесіне, фристайл мен сноубордтан әлем чемпионатын өткізу үшін бірде бір өтініш түспеген деп жазады Аllsportinfo.ru сайты.
2018-2019 жылдардағы әлем чемпионаттарының астаналары – алда бес кезеңдік сынақтан соң, 2014 жылдың 5 шілдесінде «FIS» Конгрессінде жарияланатын болады.
Baq.kz
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?