2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі«Turkish Airlines» әуе компаниясының жетекшілері ұшақ бортсеріктерінің жұмыс уақытында ашық қызыл немесе қызғылт түсті далап қолдануына тыйым салуы мүмкін.
Жаңа еңбек ережесіне сай, жақын уақытта компания қызметкерлері өздерін пастельдік сарында бояп, сылануға міндеттелетін болады. Сонымен қатар, стюардессалардың денесін әшекейлеп (татуировка), жалған шаш және шаш қою үлгісінде буылған шаштың тым жоғары түйілуіне де тыйым салынбақ.
Мұндай жаңа талаптар аймақтағы азаматтардың ызасын тудыруда. Әсіресе, көптеген әйелдер өздерінің әлеуметтік желілерге еріндерін баттастыра қызыл түске боялған суреттерін салу арқылы қарсылық акцияларын өткізуде. Ал оппозияциялық Халықтық-республика партиясының басшылығы да бұл тыйымға өз наразылықтарын білдіруде.
Бұл түрік әуе компаниясының алғаш сынға ұшырауы емес. Ертеректе «Turkish Airlines» ұшақтағы ас мәзірінен алкогольдік сусынды алып тастаған кезінде де тұтынушылар тарапынан реніш туған болатын.
baq.kz
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс