Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыИрландық әйел егіз қыздарының сыңарын үш айдан кейін дүниеге әкелді. Енді ол Гиннесстің рекордтар кітабына енуі мүмкін.
Lenta.ru интернет порталының хабарлауынша, Гленмор қаласының 34 жастағы тұрғыны Марии Джонс-Эллиот жүктілігінің 23-інші аптасында бірінші қызын босанған. Бес айлық болып туған Эми есімді бүлдіршіннің салмағы бір келіге де жетпеген көрінеді. Бірінші қыз туылғаннан кейін жүкті әйелдің толғағы бірден тыйылып, егіздің сыңары анасының құрсағында дым болмағандай қала беруі дәрігерлерді әлі күнге таңғалдырып отыр. Бастапқыда жасанды жолмен босандырмақ болған ақ халаттылар кейін бұл ойларынан айнып, әйелдің табиғи жолмен босануын күткен. Кэти есімі берілген екінші қыз 87 күннен кейін дүние есігін ашқан. Мамандардың мәлімдеуінше, 2,6 келі болып туған қыздың денсаулығы жақсы, дене мүшелері де толық жетілген. Сөйтіп, егіз қыздардың аналары Гиннесстегі соңғы рекордты жаңартып отыр. Айта кетейік, 1995 жылы 11 қарашада америкалық әйел алдымен Ханна есімді қызын, ал 1996 жылы 2 ақпанда, яғни 84 күннен кейін Эрик атты ұлын дүниеге әкелген болатын.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?