2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі3 мамыр датасы кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылы дәл осы күні Намибия астанасында Африка елдерінің тәуелсіз баспасөз өкілдері «Виндхук декларациясын» қабылдады. Декларация баспасөзге бостандықты және оның демократиялық сипатын қамтамасыз етуге әлем мемлекеттерінің үкіметтеріне бағытталған үндеу болып табылады. Құжатта кез келген демократиялық қоғамның маңызды құрамдауышы еркін, плюралистік және тәуелсіз баспасөз болып табылатындығы атап өтілген. 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 3 мамырды Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні етіп бекіту шешімін қабылдады.
Мерекені атап өтудегі басты іс-шара еркін баспасөз ісіне қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның Гильермо Кано (1986 жылы қаза болған колумбиялық журналист) атындағы Дүниежүзілік сыйлығын тапсыру болып табылады.
ҚазАқпарат.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс