Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыАмерикалық Freedom House үкіметтік емес ұйымының деректері бойынша, соңғы он жылда әлем елдеріндегі БАҚ еркіндігі ең төменгі деңгейге дейін түсті. Бұл туралы ұйымның БАҚ еркіндігі туралы жариялаған баяндамасында айтылады.
Баяндамаға жетекшілік еткен Карин Дойч Карлекардың айтуына қарағанда, "әлемнің барлық аймағында ақпарат құралдарында кері тенденция бары байқалады".
Ұйым түзген рейтинг бойынша, ақпарат құралдары ең шектелген елдердің тізімін Солтүстік Корея мен Түркіменстан бастайды. Олардан кейінгі орындарда Өзбекстан мен Беларусь тұр. Ұйым сарапшылары Грузия мен Армениядағы жағдай жақсарғанын, бірақ Әзербайжандағы БАҚ-тың жағдайы нашарлағанын айтады.
Азия елдерінің арасында Ауғанстан сөз бостандығын қорғауға өзгелерден көп күш салып жатқаны айтылады. Бұл елде биліктің журналистерге зорлық көрсетуі мен БАҚ-ты қудалауы азайып, мемлекеттік цензураның әлсірегені байқалған.
Freedom House сарапшыларының байқауынша, Ресейде "телеарна, радио және газет-журналдарға барынша бақылау орнатыла бастаған".
Дереккөз: azattyq.org
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?