2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі27-28 сәуір аралығында ШҰАР-дың орталығы Үрімжі қаласында орналасқан Шыңжаң аграрлық университетінің спорт залында тұңғыш рет Қазақ күресінен жарыс өтті. Бұл туралы Шыңжаң газетіне хабарлайды.
Шыңжаң Қазақ мәдениет қоғамы ұйымдастырған бұл жарыста Іле қазақ автономиялы обылысынан, Алтай, Тарбағатай аймақтарынан, Санжы дүнген автономиялы облысынан және Баркөл қазақ автономиялы ауданынан, Үрімжі қаласынан келген 72 балуан күш сынасты. Дода жасөспірімдер арасында 48 және 58 келі салмақта, ересектер арасында 66, 76, 86 және 90 келі салмақта өтті. Сонымен бірге, салмаққа қарамайтын «түйе балуан» бәсекесі де жарыс көрігін қыздырды.
Қазақ күресі күш жетілдіретін спорт. Ол кісіні төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақ күресінде балуан өзін еркін ұстап, шалу, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, асау жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістермен өз бойындағы күшін түгел пайдалана алады.
Шыңжаң Қазақ мәдениет қоғамының төрағасы Әріп Зұрғанбекұлы бұл рет Қазақ күресінен жарыс өткізудің мақсаты «халықтық спорт түрлерін дамытуға күш салып, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және қазақтың ұлттық спорты - қазақша күресті ұлықтап, өресін жоғарылату, оны тұтас дүниеге әйгілеу» деп атап көрсетті.
Ұғысуымызша, Қазақ күресі биыл Татарстанның Қазан қаласында өтетін дүниежүзілік студенттер спорт жарысының бағдарламасына еніпті. Бұдан өзге, биыл қыркүйек айында Қытайдың Гансу өлкесі Ақсай қазақ автономиялы ауданында да қазақ күресінен 30 неше мемлекет қатысатын үлкен бәсеке өтеді екен.
Дереккөз: baq.kz
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс