18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстандағы танымал скрипкашы Лана Мәскеуге қоныс аудармақшы. Мамырдың 15-іне билет те дайын екен. Бұл туралы «Экспресс-К» мәлімдеп отыр.
Музыканттың сөзіне қарағанда, кезінде Леонид Брежнев тұрған Кутузов даңғылынан пәтер сатып алыпты. «Үйімізді әлі көрген жоқпын. Бірақ, жұбайымның талғамына 100 пайыз сенемін»,-деді Лана.
Тұрғылықты жерін ауыстырып, жат жерге көшуге музыкантты махаббат итермелепті. Ресейдің астанасында оның жұбайы Константин Саркисян тұрады. «Мен тек әртіс қана емес, біреудің жар дегенде жалғыз әйелімін, анамын. Отбасым үшін сахнаға шығудан да бас тартқан кездер болды. Енді міне, Ресейге де көшпекпін. Алайда, өзімді Фурманова көшесінен Төлебаев көшесіне көшіп бара жатқандай сезінемін (күліп). Өз концертіме билетті қай қаладан сатып алсам да бәрі бір ғой. Бұрын Алматыдан алсам, енді Мәскеуден алатын боламын», - деп ағынан жарылды скрипкашы.
Әйткенмен, музыкант Қазақстан азаматтығынан бас тартпайтынын айтып отыр. «Мен қазақпын, қазақ болып та қаламын. Тіпті тегімді де өзгерткен емеспін. Мен Қазақстанды, Алматыны шын ықыласыммен сүйемін»,-деді ол.
Лана мен ресейлік режиссер Константин Саркисянның 2011 жылы дүниеге келген Георгий есімді ұлдары бар. Басқа әртістерге қарағанда, Лана баласы туылғаннан кейін сахнаға шығуға асықпай, бар уақытын ұлы мен отбасына арнап отыр.
Baq.kz
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр