18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?
Шырша ағаштарын отырғызуға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен М. Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация колледжінің студенттері қатысты.
«Бүгінгі іс шараның тағылымы да тәрбиесі де мол. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жүйелі түрде қоғамдық жұмыстарға тарту, табиғатты аялауға шақыру мақсатында ұйымдастырылған акцияны өте орынды бастама деп білемін»,-деді Астана қаласы Қорғаныс істері департаменті басшысының орынбасары Пернебеков Бақтияр Ережепұлы.
«Жеңіс күніне орай департаментіміз Астана қаласы әкімдігімен бірігіп, мамырдың 8-і күні орталық базарда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнап арнайы іс шара өткізуді жоспарлап отыр. Шара жастар мен ардагерлердің қатысуымен өтеді. Ардагерлер-тарихтың тірі куәгерлері. Ал жастар өздерінің қаһармандарын, батырларын білуі керек. Баталарын алып, ерліктерін үлгі тұтуы қажет»,-деп қосты ол.
Іс шара жастарды қоғамдық жұмыстарға тарта отырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр