2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазіргі таңда 25 аула сыпырушы өтініштерін толық өткізіп, бақтарын сынауға кірісіп те кетті. Олардың жұмысын арнайы қазылар алқасы бағалайтын болады. Бүгінде Достық, әл-Фараби даңғылдарының екі жағы көгалдандырылып, безендірілуде. Балалардың ойын алаңдары салынып, көркейіп жатыр. Әділқазылар аула сыпырушылардың құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, ауланың ағаш бұтақтарынан тазартылуын, көгалдандыру жұмыстарын, қоқыс жәшіктерінің санитарлық жағдайы және тұрғындардың пікірлері секілді жоғары 10 ұпайға дейін бағалайтын болады.
Сайысқа қатысушы аула сыпырушы Мұратбек Бекмұратовтың тазалайтын аумағы 650 шаршы метрді құрайды. Жұмыс уақыты таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін. Жұмыс өтілі 9 жыл, тәжірибелі аула сыпырушы. «Бұл маған берілген маңызды жұмыс болғандықтан, осы уақыт аралығында тек аула тазалап қана қоймай, гүл отырғызып, құлауға шақ тұрған ағаштардан тазартып үлгеремін. Бір жағынан үнемі таңертең қозғалыс үстінде болып спортқа бейімделсең, екінші жағынан тұрғындардың алғысына бөленесің»,-дейді ол.
Бүгінгі таңда осы шараны ұйымдастырып отырған Медеу ауданының әкімшілігі мен «TOWN CREDIT» ЖШС атқарып жатқан жұмыстары аз емес. Барлық сайысқа қатысушыларды арнайы киімдермен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетіп отыр.Жарыс жалғасу үстінде.
ҚазАқпарат.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс