2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліМаргарет Тэтчерді жерлеу рәсіміне британ қазынасынан 3,6 млн фунт стерлинг (5,5 млн доллар) жұмсалды. Бұл туралы The Telegraph басылымы мәлімдеп отыр.
500 мың фунт (765 мың доллар) жерлеу рәсіміне шақыру қағаздарын жолдауға, Қасиетті Павел соборында өткен қызметті және ресми қабылдауларды ұйымдастыруға жұмсалды. Іс шара өткен жерді қоршауға алып, қауіпсіздік шараларын күшейтуге бюджеттен 1,1 млн фунт (1,6 млн доллар) бөлінді. Тағы 2 млн фунт (3 млн доллар) құқыққорғау органдарының күшін рәсім өткен жерге жұмылдыруға кетті.
Басылымның мәліметіне қарағанда, Тэтчерді ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне жұмсалған шығын 1965 жылы қайтыс болған Уинстон Черчиллді жерлеу шығынынан (787 мың фунт/1,2 млн доллар) бес есе асып түскен екен.
Естеріңізге сала кетейік, Маргарет Тэтчер 2013 ж.сәуірдің 8-і күні 87 жасында дүниеден озды.
Baq.kz
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс