2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі«Қазагроинновация» АҚ Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық тәжірибелік станциясында асыл тұқымды ірі қара малдарды сату бойынша екінші рет аукцион өтті.
Аукционға 16 өгіз шығарылған. Оның 12-і қазақтың ақбас тұқымы болса, 4-уі канадалық селекциядан шыққан «Герефорд», «Ангус» және «Шароле» тұқымдарынан алынған өгіздер. Ірі қараларды сату алаңқайына шығарылған 16-ның 11 сатылды. Атап айтқанда қазақтың ақбас сиырынан тараған өгіздердің біреуінің орташа бағасы 490 714 теңге, ал герефордтың бағасы – 1 130 000, ангус – 1 030 000 мың, шароле – 1 130 000 мыңға бағаланған. Ал ең жоғары бағаланған лот герефорд тұқымды өгіз болды. Оның салмағы 559 келіні құрап, құны 1 млн 230 мың теңгеге жеткен. Баға белгілеудің алғашқы бастамасы ретінде өгіздердің тірідей жалпы салмағының әр келісін 1 200 теңгеден бағалау арқылы жүзеге асқан. Ал аукционға 6 ауылшаруашылық қожалық қатысты.
Baq.kz
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс