Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыМәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясы мүшесі Оразкүл Асанғазы Елбасы Жолдауын талқылау барысында Қызылорда облысының шалғай елді мекендерінде сайлаушылармен кездесулер өткізуде, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
«Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалында, «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлерінің, қалалық мәслихат депутаттарының, өңір жастары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.
Баспасөз конференциясы барысында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының мазмұны мен мәні жөнінде және Мәжіліске ұсынылған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар Қызылорда медициналық колледжінің мәжіліс залында, облыстық саясаткер әйелдер клубының мүшелерімен және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студент-жастар мен профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.
Кездесуде еліміз үшін жаңа даму стратегиясы болып саналатын Елбасының Жолдауының әлеуметтік маңызы мен саяси сипаты мен ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заң жобасы, мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағыттары жөнінде кең көлемде хабарлама жасады.
Кездесулер соңында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстар қабылданды.
Bnews.kz,
11.04.2013 ж.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?