20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісАқтөбеде «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру жүйесін жаңғырту» республикалық семинары өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Семинарда Ақтөбе облысында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарының оң нәтижелері, сондай-ақ республиканың мектепке дейінгі сапалы қызмет көрсетуін арттыру мақсатында мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістері айтылды.
Сондай-ақ, «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мерзімін 2020 жылға дейін созу және балаларды жүз пайыз балабақшамен қамтамасыз ету механизмдері қарастырылды. Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында осындай міндетті жүктеді.
Семинар аясында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар» көрмесі өтті.
«Біз 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту бойынша алда келеміз, қазір бұл көрсеткіш 85%ға жетіп отыр. «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылған соңғы екі жарым жыл ішінде 141 мектепке дейінгі мекеме ашылды», – деді облыстық білім беру басқармасының бастығы Жаннат Самұратова.
Ақтөбе облысы әр балаға 20 мың теңге беруді республикада бірінші боп бекітті. Бұл жеке балабақшалардың құрылысын ынталандырды. Егер бір жыл бұрын олардың саны жетеу болса, қазір он алтыны құрап отыр. Кәсіпкерлер концессиялық негізде жұмыс істеуге дайын.
Bnews.kz,
27.03.2013 ж.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?