18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Қазақстанның әйелдер қауымымен кездесуі кезінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағытын түсіндірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Білім жинақтаушы шоттары тек дамыған елдерде бар. Сіз балалардың оқуына ақша жинап, банкте оның үстіне қосымша пайыздарды жинақтай аласыздар, ал мемлекет бұл ретте қосымша сыйақы төлейтін болады. Шот иелері сондай-ақ білім беруге арналған несиелерді жеңілдетілген шарттармен ала алады», - деді Н.Наразбаев.
Елбасы Қазақстанның жаңа стратегиясының 2050 жылға дейінгі мерзімге айқындалу себебін түсіндірді. Оның айтуынша, халық болашақ ұрпаққа қандай пайданың келетінін көріп, жастар елдің қандай бағытта дамып жатқанын, мемлекеттің бағдары қандай екенін білуі тиіс.
«Бұл шаралар жастар өз өмірін бағдарлау үшін, өз ісінің кірпішін қалау үшін жасалып отыр. Әрине, әрбір отбасы балалары үшін бар жағдайды жасайды, жақсы тәрбие бергісі келеді. Қазақстан үлкен көпұлтты отбасы ретінде өз балаларын тәрбиелеуге мүдделі», - деді Н.Назарбаев.
Диана Құлмағанбетова
BNews.kz
07.03.2013
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр