20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісҚазір елорданың 6 мектебінде оқушылар үш ауысымда оқып жүр. Бұл туралы бүгін тұрғындар алдында есеп берген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Естеріңізде болса, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиялық құжат бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі барлық мектептегі үш ауысымды жою керектігі туралы тапсырма берген болатын. Тұрғындар алдында есеп бере отырып бас қаланың әкімі де осы мәселені тілге тиек етті.
«Статистика бойынша қала бойынша оқушылардың мектеппен қамтылуы жүз пайыз десек болады. Бұған мектептердің көптеп салынуы ықпал етті. Мысалы, 15 жыл бұрын Астанада 37 мектеп қана болса, қазіргі таңда 82 орта мектеп, соның ішінде 70 мемлекеттік мектеп бар. Бірақ, оқушыларға арналған орынның жетіспеуі – сапалы білім беруге қолбайлау болып отырған кедергінің бірі. Қазір Астанада үш ауысымда оқитын 6 мектеп бар», - деді И.Тасмағамбетов.
Әкімнің айтуынша, бәсекеге қабілетті білім беру үшін ең алдымен осы мәселені шешу керек.
Кенжекей Тоқтамұрат
BNews.kz
21.02.2013
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?