2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
7 мамыр –Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай
үздік эссе конкурсын өткізу тұжырымдамасы
Жастар арасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесін насихаттау, жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында el.kz Қазақстанның әлеуметтік желісі «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған үздік эссе конкурсын» өткізеді.
Конкурсты өткізу ережелері:
1. Конкурсқа шығармалар 2013 жылғы 23 сәуір – 15 мамыр аралығында электронды нұсқада мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: elimai2012@mail.ru;
2. Конкурсқа барлық ниет білдірушілер қатыса алады;
3. Конкурсқа қатысушылар материалмен бірге өзінің толық аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, сондай-ақ байланыс ақпараттары – телефон нөмірі және электрондық мекенжайы көрсетілген толық ақпаратты жолдауы тиіс.
4. Конкурсқа келіп түскен материалдарды іріктеу критерийлері: берілген тақырыпқа сай болуы, мазмұны түсінікті әрі қисынды болуы және баяндау стилі.
5. Үздік шығармалар конкурстың Әділқазылар алқасы мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталады;
6. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс