22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАссамблеяның конституциялық миссиясы ел дамуы үшін маңызды мәселелерді шешумен де ерекшеленеді. Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-сессиясы қарсаңында өткен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлім етті.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, бүгінгі күні Ассамблея жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім институты ретінде қалыптасты. «Ассамблея мемлекет пен қоғамның әлеуметтік даму бағытындағы кең ауқымды мәселелерді талқылайтын әмбебап алаңға айналып отыр. Бұл ретте әлеуметтік-қоғамдық саладағы Ассамблеяның әлеуетін ескере отырып, аталмыш институтқа мемлекеттік тілдің даму аясын кеңейту, әлеуметтік әділдік принцптерінің жүзеге асырылуын бақылау, әлеуметтік жаңғыру секілді мемлекеттің стратегиялық міндеттері жүктелген», - деді М. Тәжин.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Ассамблеяның конституциялық миссиясы ел дамуы үшін маңызды мәселелерді шешумен де ерекшеленеді. «Әлемнің көптеген мемлекеттеріндегі бірқатар ұлтаралық қатынастардың реттеуіштеріне қарағанда, қазақстандық бірегей институт өзінің орнықтылығын дәлелдеп қана қоймай, даму деңгейінде нақты мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік тетік ретінде тиімділігімен айқындалды», - деді М. Тәжин.
Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі Даму тұжырымдамасы әзірленгенін айта келе, бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру жоспары бекітілгеніне де тоқталды.
ҚазАқпарат.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев